«Дарынды бала» балабақшасы – мейірім мен махаббат мекені. » «Дарынды бала» балабақшасы»
«Дарынды бала» балабақшасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:210940033319
Қабылдау бөлімі:
+7(701) 559-74-67
"Әдіскер:
+7(701) 559-74-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дарынды бала» балабақшасы – мейірім мен махаббат мекені.
31
тамыз
2026

«Дарынды бала» балабақшасы – мейірім мен махаббат мекені.

«Дарынды бала» балабақшасы – мейірім мен махаббат мекені.
Тәрбиеші – ұлт болашағының негізі. Әрбір баланың жүрегіне жылу сыйлап, оның бойындағы дарынын ашу – үлкен жауапкершілік пен шынайы махаббатты талап ететін қасиетті іс. Осындай биік мақсатты ту еткен «Дарынды бала» балабақшасы – мейірім мен сенімге негізделген тәрбие ордасы. Бұл қызмет жай ғана жұмыс емес. Бұл – сенім!

Балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы және жайлылығы – басты назарымызда. Заманауи жабдықталған бөлмелер, таза орта, дұрыс тамақтану – бәрі де балаларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Балабақшадағы ұжым-жүрегі мейірімге толы, өз ісіне адал мамандардан құралған. Әр тәрбиеші балаға тек білім беруші емес, ол – бағыт беруші, қолдаушы, жанашыр тұлға. Осы арқылы біз балалардың бойында сенім, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырамыз.

Ең басты мақсатымыз: әр бала жылы сөйлеу, балабақшаға келгенде өзін жай ғана мекемеде емес, періште мекеніне келгендей сезінуі. Әр баланың көзінен қорқыныш емес – қуаныш көру. Оның жүрегінде сенімсіздік емес – батылдық болу.

Бала балабақша табалдырығын аттаған әрбір күнінде өзін қауіпсіз, бақытты, ерекше сезінуі тиіс.

«Дарынды бала» балабақшасы – бұл баланың жүрегіне жылу ұялататын, өміріне жарық сыйлайтын, болашағына сенім беретін қасиетті мекен!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив