31
тамыз
2026
Құдабаева Құралай Дәулетқызы
Құдабаева Құралай ДәулетқызыАлматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылындағы
«Дарынды бала» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі.
Екі мамандықтың иесі: біріншісі – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің журналистика факультеті, екінші мамандығы – кәсіби тұрғыда жан-жақты дамуды мақсат ете отырып, Шымкент қаласындағы академик Ә. Қуатбеков атындағы Дружба народов университетінде білімін жалғастырып, «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы» мамандығын иеленді. Бұл оқу ордасы тек теориялық білімді ғана емес, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырып, болашақ маман ретінде шыңдалуына зор ықпал етті. Әрбір алған білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, өз ісіне деген жауапкершілігін арттырды.
Еңбек жолын журналистика саласында бастаған.
2023 жылы осы аталмыш балабақшада тәрбиеші мамандығынан бастаған. Бір жыл тәрбиеші болып қызмет атқарып, осы қысқа уақыттың ішінде әр баланың жан дүниесіне үңілуді, олардың сенімін ақтауды үйреніп, балаға білім беру оңай, бірақ жүрегіне жол табу – үлкен өнер екенін түсінді. Уақыт өте келе Құралай Дәулетқызына үлкен сенім артылып, меңгеруші қызметі тапсырылды.
Бүгінде Құралай Дәулетқызы тек қызметтік өсу емес, бұл – үлкен жауапкершілік, үлкен аманат деп біледі. Бүгінде осы мекемеде үш жыл бойы еңбек етіп келеді. Әр баланың жүрегіне жылу сыйлап, оның арманына қанат бітіріп, болашағына жол ашып келеді.